26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанда сатылатын импорттық сүт өнімдерінің бір бөлігі жалған өнім деп танылды

3 сәуір 2016 Қаралым: 3 967
Алматы. 4 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның бірнеше өңірлерінің бөлшек сауда дүкендерінен ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жалған сүт өнімдерін анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

сонымен, зертханалық талдаулар бірқатар өндірушілердің сүт өнімдерінде өсімдік майларының барын көрсетті. Бірінші нәтижелер Алматы мен Алматы облысының дүкендеріндегі сүт өнімдерінің сынамаларында мал майларының орнына өсімдік майларының барын көрсетті.

Сондай өнімдер қатарында қышқыл сүтті, тұзсыз, майлылығы 82% «President» майы, Францияда өндірілген, «Айран» газдалмаған қышқыл сүт өнімі, «Молочная страна» қанты бар, қаймағы алынбаған қойылтылған сүті, «Ламбер» ірімшігі, майлылығы 2,5% «Шадринское» сүті, пастерленген, майлылығы 20% «Сметановна» қаймағы, майлылығы 82% «Простоквашино» сары майы, «Картошка со сгущенным молоком вареным» жылтыратылған сүзбе ірімшігі А.В.Кривощеков, құрамында құлпынай/ананас бар, майлылығы 7,5% «Alpenland сливочный» пастерленген йогурт өнімі, Ресейде өндірілген бар.

Сонымен қатар, майлылығы 72,5%, «Крестьянское» тәтті сары майы да жалған өнім болып шықты, Беларусия мен Украинада өндірілген.

Хабарда айтылғандай, зертханалық тексерулер өнімдерде каприл, линол, капон және басқа да қышқылдардың барын анықтады, олар шын мәнісінде аталмыш өнімдерде мүлде болмауы керек.

«Осылайша, өндірушілер тұтынушыларды жаңылыстыра отырып, өсімдік майының барын көрсетпестен, тамақ өнімдері қауіпсіздігінің техникалық регламентінің бірқатар талаптарын бұзған. Тамақ өнімдері қауіпсіздік регламентінің бұзылуы және тұтынушыларды алдау фактісі бойынша Комитет жалған өнімдерді алып тастау жұмыстарын бастады», - делінген комитет хабарында.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті тұтынушыларға аталмыш өнімдерді тұтынуды тоқтатуды, ал бөлшек сауда нысандарына жалған өнімдерді сатудан бас тартуға ұсыныс жасады.

Бұдан басқа ведомство еске салғандай, «Тұтынушылар құқығын қорғау заңына» сәйкес сатып алушылар сатушыдан денсаулыққа келтірілген барлық зиян үшін шығынын өндіруді талап ете алады.